Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 маусым күні Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып, Халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

"Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты жүзеге асып келеді және ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық", – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Президентке Халықаралық валюта қорының Қазақстанға қатысты жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Алматы қаласында Әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы Қордың бастамасын қолдайтынын атап өтіп, оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Сурет: akorda.kz

Ал Кристалина Георгиева Астана халықаралық форумына шақырту алғаны үшін алғыс айтты

"Әлемдік экономикада белгісіздік белең алған шақта Астана халықаралық форумына қатысып отырғаныма қуаныштымын. Әлемдегі бағыт-бағдарымызды айқындау үшін осындай диалог алаңдарының болуы өте маңызды. Ең алдымен, Сіздің еліңізде болған ауқымды өзгерістерді айрықша атап өткім келеді", – деді ХВҚ басшысы.


Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлейді. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды