Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді

Астана халықаралық форумының пленарлық отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 09:03 Сурет: akorda.kz
Бүгін, яғни 8 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың Telegram арнасының жазуынша, Форумда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді.

Бұдан бөлек Президент:

  • Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен;
  • Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен;
  • Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен;
  • Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен;
  • Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен;
  • ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен бірқатар кездесу өткізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: