Президент VIII сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді

Президент VIII сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 09:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.

Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.

27 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: