Ғизат Нұрдәулетов ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатысты

Сурет: akorda.kz
2023 жылы 8 маусымда Минскте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары халықаралық және аймақтық ахуал бойынша пікір алмасты. Ұйымның жауапкершілігі шеңберінде қазіргі жағдай мен халықаралық экстремизм мен терроризм, киберқылмыс, есірткінің заңсыз айналымымен қатар, өзекті сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді бейтараптандыру шараларын талқылады, делінген Ақорда хабарламасында.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ҰҚШҰ жұмысының маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Ұйым аясында өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Осы күні кездесуге қатысушыларды Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қабылдады.

Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы ҰҚШҰ-ға Беларусь Республикасының төрағалық етуін ескере отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында 2023 жылғы төртінші тоқсанда Минскте өтеді.

Беларусь
ҰҚСК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!