СІМ Абаевтың РФ-дағы ҚР елшісі болып тағайындалғаны жайлы сыбысқа қатысты түсінік берді

Сурет: akorda.kz
ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров 26 маусымда өткен брифинг кезінде ТМД Бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаевтың РФ-дағы Қазақстан елшісі етіп тағайындалғаны туралы сыбысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі бұл ақпаратты растаған да, сондай-ақ жоққа шығарған да жоқ. 

"СІМ бұл ретте ешқандай мәлімдеме жасамайды. Біз бұл ақпаратты растай да, жоққа шығара да алмаймыз. Жарлық шыққан кезде ғана барлығы белгілі болады. Бұл - Вена конвенциясы бойынша жұмыс процестері. Сондықтан бұл әлеуметтік желі мен Telegram арналардағы даурықпа әңгімелер". ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Бұған дейін РФ-дағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев болған еді. 16 маусымда ол Даниал Ахметовтың орнына барып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Ресей
Қазақстан
Абаев Дәурен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды