Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты жағдайға пікір білдірді

Сурет: видеодан скриншот
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлының әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілісменнің айтуынша, ұлының әрекетін дезертирство деп санауға болмайды.

"Сол күні ол бөлімшеге оралды. Бұл туралы жазбамда жаздым, ол сүйіктісіне барғанын жаздым. Кімде, әсіресе сол жаста махаббат болмады? Қызға деген сезім, махаббат. Мен оған тәртіпті бұзбау керек екенін айттым. Иә, ол тәртіпсіздік жасады. Бүгін ол 15 тәулікке қамауға алынды. Жас қой, шамасы не істегенін түсініп жатқан болуы керек. Бірақ мұны дезертирство демеймін", - деді Дәулет Тұрлыханов.

Бұған дейін Қорғаныс министрі депутаттың ұлы қашып кетуіне қатысты сауалға жауап беріп, "мұның бәрі тәрбиеге қатысты" деп пікір айтқан еді. Мәжілісмен ұлының соншалықты жас емес екенін айтты.

"Біз ата-ана ретінде тәрбиелеуіміз керек. Қай ата-ана баласының жаман болғанын қалайды? Бәріміз дұрыс тәрбие мен білім беруге тырысамыз. Ал менің ұлым - қалыпты, адекватты жас жігіт. Бірақ қазір оның бір минусы бар - қызға деген сүйіспеншілік", - деді мәжіліс депутаты.

Тұрлыханов мұндай жағдайлар елдің түкпір-түкпірінде болып тұратынын айтып, ұлының төңірегінде неге мұндай резонанс болып кеткенін түсінбейтінін жеткізді.

"Мұндай сәттер жаңалық емес. Мұндай жағдай бүкіл республика бойынша болады. Осы фамилия төңірегінде неге сонша резонанс болғанын білмеймін", - деді Дәулет Тұрлыханов.

Дәулет Тұрлыханов журналистерден ұлын жайына қалдырып, тақырыпты жабуды сұрады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты