Тоқаев: Жағдайдың мүшкіл болуына басшылардың біліксіздігі мен бас пайдасын ойлағаны себеп болып отыр

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды.

"Бірінші мәселе - Астананы жылумен қамтамасыз ету жүйесі орнықты болуы қажет. Елордадағы негізгі өзекті мәселелер қаланың дамуына қатысты тиісті жоспардың, яғни дұрыс жоспарлау жұмысының жоқтығынан туындап отыр. Мұны ашық айтуымыз керек. Бақылаусыз жүргізіліп жатқан құрылыс, сападан гөрі санға мән беру және жан-жақты ойластырылмаған шешімдер қаладағы өмірлік маңызы бар инфрақұрылымның тапшылығына алып келді", - деді президент.

Оның сөзінше, жағдайдың соншалықты мүшкіл болуына жауапты басшылардың біліксіздігі немесе бас пайдасын ойлағандығы себеп болды. Сонымен қатар мемлекет басшысы қала басшылығы құрылыс компанияларының пайдасын емес, мемлекет пен азаматтардың мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс екенін баса айтты.

"Бүгін біз Елорданы дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Биыл бас қаламыздың құрылғанына 25 жыл толды. Астана ширек ғасыр ішінде заманауи ірі қалаға айналды. Көп жұмыс атқарылды. Жетістіктеріміз аз емес. Елорда күн санап ұлғайып келе жатыр. Тұрғындар саны айтарлықтай көбейді. Алдағы жылдары қала халқының саны 1,5 миллионға жетеді деген болжам бар. Бұдан да көп болуы әбден мүмкін. Бірақ, қаланың бас жоспарында бұл жағдай толық ескерілмеген. Әрине, қаланың қарқынды дамығаны жақсы. Дегенмен, қазір осы үрдіс әлеуметтік инфрақұрылымға зор салмақ түсіріп отыр. Әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар. Мұны жұрт біліп отыр. Сондықтан, Үкімет те, әкімдік те соның бәрін шешу үшін жұмыла жұмыс істеуі керек. Бұл жұмысқа қоғам өкілдерін тарту қажет". Президент


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік