Делегаттар партияның аудандық және облыстық филиалдарындағы Саяси кеңестердің жаңа құрамын бекітті. Осылайша, 1 қалалық және 10 аудандық филиалдардағы Саяси кеңестердің құрамына 82 адам кірді. Биыл аталған кеңестердің құрамы 63%-ға жаңарды. Оның 16%-ы – жастар, 34%-ы – әйелдер.
Өз кезегінде, "AMANAT"-тың Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Сурет: AMANAT партиясының баспасөз қызметі
"Былтыр облыстық комиссия "Жер аманаты" жобасы аясында 100 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарса, жыл басынан бері тағы 61,3 мың гектар жерді қайтарып алды. Биыл Ұлан ауданы Гагарино ауылы мен Алтай ауданы Северное ауылы тұрғындарының өтініші бойынша партияның араласуымен жайылымдық және шабындық жерлерді қайтару мәселесі оң шешімін тапты", – деді ол.
Ал Шығыс Қазақстан облысының мәслихатындағы "AMANAT" депутаттарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде партияның депутаттық фракциясының жетекшісі Тұрарбек Әзекенов баяндады.
Сурет: AMANAT партиясының баспасөз қызметі
"2027 жылға дейін 6,8 мың оқушыға арналған 17 мектеп салу жоспарлануда. Бүгінде Өскемен қаласында 600 орындық, Зайсан қаласында 300 орындық, Шемонаиха қаласында 300 орындық және Шеңгелді ауылында 100 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Депутаттық бақылаудың нәтижесінде "Омбы-Майқапшағай" жолы жөнделді", – деді ол.
Осы күні "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек өңірдегі белсенді жастармен, жас спортшылармен кездесті. Балалар мен ересектерді салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында "AMANAT"-тың өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 13 спорт нысанын, оның ішінде 3 GYM орталығын, 3 спорт модулін және 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделді. Сонымен қатар, 100 мыңнан астам бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатыса алады.
Сурет: AMANAT партиясының баспасөз қызметі
Атқарушы хатшы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен әңгімелесіп, БПҰ саяси белсенділіктің өзегі әрі қозғаушы күші саналатынын атап өтті.
"Бүгінде "AMANAT"-тың 800 мыңнан астам мүшесі 4 мың бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Шын мәнінде, олар – саяси ұйымымыздың негізі. Дәл сол ортада азаматтар партия қатарына қабылданады және қоғамда партияның құндылықтарын ілгерілетуге қабілетті жаңа көшбасшылар қалыптасады. Екі жыл сайын қоғам белсенділерін анықтап, оның нәтижесінде партияның кадрлық резервін қалыптастыруды күн тәртібінен түсірмеу керекпіз. Партиялық ұйымдардың маңызды функцияларының бірі – жергілікті көшбасшыларды қолдау", – деді Дәулет Кәрібек.
Сурет: AMANAT партиясының баспасөз қызметі