Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

"Астана Опера" театрында тәжіктің "Зебо", "Гулрез", "Парасту" би ансамбльдері, сондай-ақ Амирджон Рузи, Шарофат Усмонзода, Ситораи Кароматулло, Тахмина Ниезова, Рахматулло Хошим, Фотимаи Худойберди және тағы басқа әншілер өнер көрсетті.


Сурет: akorda.kz


Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері 23-26 тамыз аралығында өтеді. Шара аясында тәжік кинематографиясының жауһары саналатын "Рустам мен Сухроб" көркем фильмі көрсетілді.


Сурет: akorda.kz


Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 25-26 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келетіні хабарланған болатын. Тоқаев Астана әуежайында Рахмонды қарсы алды. Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. Қос елдің президенттері алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Рахмон Эмомали

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады