Жаңалықтар тізбегі
0

Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді

Эмомали Рахмон, Қасым-Жомарт Тоқаев, кездесу, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 18:10 Сурет: akorda.kz
25 тамызда Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті қос елдің қарым-қатынасының маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.

"Сізбен елордамызда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біздің бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын". Қасым-Жомарт Тоқаев

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақыртуыңызға, ілтипатыңызға, қонақжайлық көрсеткеніңізге көп рақмет! Ең алдымен, бүгін Сізбен екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылағым келеді". Эмомали Рахмон

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылдың 25-26 тамызында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келетіні хабарланған болатын. Тоқаев Астана әуежайынан Эмомали Рахмонды қарсы алды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: