Никос Христодулидис өзі ұшып келген жолаушылар рейсі жайлы пікір білдірді

Никос Христодулидис өзі ұшып келген жолаушылар рейсі жайлы пікір білдірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 12:40 Сурет: akorda.kz
Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басында Никос Христодулидистің соңғы рет Қазақстанға 2019 жылы Сыртқы істер министрі ретінде келгенін еске алды.

"2019 жылы Сыртқы істер министрі лауазымын атқарып жүргеніңізде елімізге келіп, Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді досы әрі қолдаушысы ретінде әрекет ететініңізді мәлімдеген едіңіз. Бүгінде біз айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік деп сеніммен айтуға болады. Мемлекеттеріміздің астаналарында елшіліктерімізді аштық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды, басқа да бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылды. Дегенмен екіжақты ықпалдастықты кеңейту үшін әлеуетіміз жеткілікті деп ойлаймын. Өз тарапымнан көптеген бағытта ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға күш салуға дайынмын",- деді ол.

Өз кезегінде, Никос Христодулидис екі ел арасында тікелей қатынайтын жаңа рейс туралы пікір білдірді.

"Сіздің еліңізге Кипрден тікелей қатынайтын алғашқы рейс арқылы іскерлік делегация өкілдерімен бірге ұшып келгеніме өте қуаныштымын. Елдеріміздің әлеуеті мол. Бүгінгі келіссөздер өзара ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізеді деп санаймын. Сондай-ақ Қазақстанға басқа лауазымда келіп отырмын. Қазіргі уақытта еліміз Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалық етіп жатыр. Аталған өңірдің маңызын және Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отырып, Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету жолдарын талқылауға әзірмін".Никос Христодулидис

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Кипр президентін қалай қарсы алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: