Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Кипр президентін қалай қарсы алды

Астанада Кипр президентін қарсы алу рәсімі өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 11:59 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 3 маусымда Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды".

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.

Бұған дейін жазғанымыздай, 3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды. Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: