Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория президентін Тәуелсіздік сарайында қарсы алды

2026 жылғы 19 маусымда Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 12:17 Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 19 маусымда Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория Президенті Яков Милатович ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

2026 жылғы 18 маусымда белгілі болғандай, Черногория Президенті Яков Милатовичтің Қазақстанға ресми сапары 18–20 маусым аралығында өтеді. Бұл сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асып отыр.

Бүгін, 19 маусым күні, екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі келіссөздері өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: