Премьер-министр Amanat депутаттары алдында атқарылған жұмыстар туралы баяндады

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Amanat партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып, атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы "Адамдар – инфрақұрылымға" қағидатын бекіте отырып Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспары іске асырылып жатқанын жеткізді.

"Осы қағидаға сәйкес біз ауылдардағы, моно- және шағын қалалардағы инфрақұрылым деңгейін базалық стандарттарға жеткізетін боламыз. Аралас сайлау жүйесіне көшу жүзеге асырылды. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау саласында өлім жазасы біржола жойылды. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Бұл тек осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін береді. Агломерацияларды дамыту мақсатында биыл жергілікті билік органдарының агломерацияларды дамыту саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған заң қабылданды. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс істеліп жатыр". Премьер-министр

Смайыловтың сөзінше, үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттіктері кеңейтілді. Мемлекеттік қызметшілер саны 15%-ке қысқартылды. Бұл министрлер мен әкімдердің өздері басқарып отырған салаларды дамытуға деген жауапкершілігін арттырады.

Әлихан Смайылов:

"Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік салада жүйелі шаралар қабылданды. Жаңа Әлеуметтік кодекс еңгізілді. Ол азаматтарды туғаннан бастап егде жасқа жеткенге дейін әлеуметтік қолдауды көздейді. Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артты. Бүгінде бұл жәрдемақыны 750 мыңнан астам ана алады", - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар премьер-министр мына жұмыстар туралы айта кетті:

Қазақстан Смайылов Әлихан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: