Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады

2023 жылдың 5 қазанында Республикалық мұғалімдер съезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ата-аналар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мен кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасаған адамдардың жазасын қатаңдатуды тапсырдым. Бұл бастама жақын арада жүзеге асады, деді президент.

Жалпы, балаға психологиялық қысым жасалмауына, ең алдымен, ата-ана жете көңіл бөлуі керек. Ондай оқиға болса, мектептегі медиация қызметі мұғалімге және ата-анаға ескертіп, кәсіби медиаторлармен бірге балаға барынша көмек беруге тиіс, - деп атап өтті президент. 

"Барша ата-анаға айтарым: балаларыңыздың зорлық-зомбылық жасауына, қоғамдық тәртіпті бұзуына ерік бермеңіздер. Әсіресе, оларды мұғалімдердің алдында қорғамаңыздар. Баланың бетінен қақпаймын деп, оның теріс қылықтарына көз жұма қараудың соңы келешекте қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. Алдағы уақытта заңға қайшы әрекеттерге бармас үшін мектеп тәртібін бұзушыларға алдын алу шараларын қазір қолданған жөн"

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: