Қазақстан Астраханьда, ал Ресей Оралда консулдық ашады

Сурет: otcom.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚРҮкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында ҚР консулдығын және ҚР Орал қаласында РФ консулдығын ашу туралы келісімге хаттамаға қол қою туралы қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге хаттаманың жобасы мақұлдансын", – делінген құжатта.

Хаттама бойынша Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығының консулдық округіне Дағыстан Республикасы, Ингушетия Республикасы, Кабардино-Балкария Республикасы, Қалмақ Республикасы, Солтүстік Осетия-Алания Республикасы, Шешен Республикасы, Ростов облысы, Краснодар және Ставрополь өлкелерінің аумақтары қосылады.

Алайда Орынбор, Самара және Саратов облыстарының аумақтары шығарылады.

Ал Орал қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының консулдық округінен Маңғыстау облысының аумағы шығарылылады.

Қаулы жобасы 8 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі