Мемлекет басшысы Франция президентімен бірге асық ойнап көрді

Сурет: akorda.kz
Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапарына орай халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныстыратын арнайы "Этноауыл" көрмесі ұйымдастырылды.

Мемлекеттер басшылары бастаған делегацияны көрме алаңында Жас көрермендер театрының әртістері мен "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі ән шашумен қарсы алды. Франциядан келген жоғары мәртебелі меймандар жеміс-жидекпен безендірілген "Көк базарды", қолөнер бұйымдарын және қазақ суретшілерінің картиналарын, сондай-ақ отандық дизайнерлер әзірлеген ұлттық сән үлгілерінің дефилесін тамашалады.

Сонымен қатар шетелдік қонақтарға Ұлттық музей қорындағы экспонаттардан ("Алтын адам", "Берел жылқысы", "Сармат көсемі", "Қыпшақ жауынгері" т.б) жасақталған "Ұлы дала алтыны" экспозициясы, Ықылас Дүкенұлы атындағы мұражайдағы ұлттық музыкалық аспаптар таныстырылды.

Этноауыл аумағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронға балуандарымыз қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін, жас жеткіншектер асық ойынын, ал саятшылар мен құсбегілер тазы иттері мен қыран құстарын көрсетіп, халқымыздың аңшылық дәстүрі туралы әңгімелеп берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз