Путин Тоқаев жайлы: Арамызда бірден достық қарым-қатынас орнады

Сурет: akorda.kz
Ресей президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстан көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Путиннің айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлымен арада бірден шынайы достық, жақын қарым-қатынас орнаған.

"Бұл таңқаларлық жайт емес. Біз бір буынның өкілдеріміз және мемлекеттеріміз алдындағы жауапкершілікті бірдей сезінеміз. Біз олардың сенімді дамуы мен өркендеуі үшін, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", – деді Владимир Путин.

Ресей Федерациясының президентінің сөзінше, олар екіжақты күн тәртібі бойынша да, көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша да бір-біріне үнемі телефон соғып, әртүрлі форматта кездесіп тұрады. Мұндай жеке байланыстар Ресей-Қазақстан байланысының жоғары деңгейін толық көрсетеді.

"Ең бастысы, біздің халықтарымыз әрқашан тату көрші және шынайы дос болған және болып қала береді", – деді ол.

Путин сенім, өзара түсіністік пен көп қырлы табысты ынтымақтастықтың баға жетпес дәстүрлерін нығайта отырып, басқаларға үлгі болатын мемлекетаралық коммуникацияның озық үлгісі сәтті іске асырылатынына сенімді.

"Сондықтан әлемдегі жағдай қандай болса да, мен одақтастық қарым-қатынастарымыз бен интеграциялық әріптестігіміздің болашағына сеніммен қараймын", – деді Путин.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев "Известия" газетіне берген сұхбатында Путинмен кездесулері тұрақты сипат алып келе жатқанын, бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың мән-мазмұны бай әрі жоғары деңгейде екенін айқын көрсететінін атап өтті.

Путин Владимир
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Мемлекеттік басшысы кәсіби мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады