Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Путинмен кездесуі жөнінде: Талқылайтын мәселе жеткілікті

Тоқаев Путинмен кездесуі жөнінде, Талқылайтын мәселе жеткілікті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 09:11 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында Ресей мен Қазақстан басшыларының арасында талқылайтын мәселе жеткілікті екенін айтты. Бұл жолы Астанада екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен кездесулері тұрақты сипат алып келе жатқанын атап өтті. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың мән-мазмұны бай әрі жоғары деңгейде екенін айқын көрсетеді. 

"Екіжақты кездесулерде немесе интеграциялық бірлестіктер аясындағы көпжақты келіссөздерде болсын, талқылайтын мәселе жеткілікті. Ресей президенті – барлық саладан жан-жақты хабардар әрі білікті тұлға. Оның жаһандық және өңірлік процестерге көзқарасы көп жағдайда қазіргі әлемдік ахуалға ықпал етеді. Сындарлы саясат және өзара тиімді нәтижеге ұмтылыс – Қазақстан мен Ресей диалогының негізгі ерекшелігі. Біз әрдайым ресейлік серіктестеріміздің ұстанымына назар аударуға тырысамыз, олар да біздің пікірімізді ескереді".Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев биыл ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толатынын еске салып өтті.

"Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достықтың тарихы тереңде жатыр, ғасырлар қойнауынан тамыр тартады. Дегенмен 2013 жылы қол қойылған мемлекетаралық шарттың символдық мәні зор. Өйткені бұл қазақ-орыс байланыстарының келешегіне жол ашады. Елдеріміз арасындағы тату көршілік және одақтастық қатынастарға негізделген ынтымақтастықтың тарихы бай және болашағы жарқын деп бағалаймын", – деді мемлекет басшысы.

Ол Ресей президентімен Астанада өтетін алдағы кездесудің күн тәртібі өте ауқымды екенін айтты.

"Біз екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелерін жан-жақты талқылаймыз деп жоспарлап отырмыз. Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық құрылымдар аясындағы байланыстардың аспектілерін де қарастырамыз. Әлемдегі ахуалдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасамыз".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған қоса екі ел басшысы Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл – аймақтар мен екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірегей әрі өте тиімді формат.

"Биыл Қазақстанның Қостанай қаласында аталған жиын 19-рет өткізіледі. Іс-шараның тақырыбы – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық. Форум Ресей президентінің Қазақстанға алдағы сапары секілді табысты өтеді деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: