Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Ресей, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 15:36 Сурет: akorda.kz
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ президенті Владимир Путин сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекеттер басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамыр айының ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шартына қатысушы мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: