Тоқаев Ұлыбританияның мемлекеттік министрі Нусрат Ганиді қабылдады

Сурет: akorda.kz
2023 жылы 21 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның мемлекеттік министрі Нусрат Ганиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Ганиге ілтипат білдіре отырып, Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі және ел экономикасына инвестиция салу көрсеткіші бойынша жетінші инвестор екенін атап өтті, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бүгінде Қазақстанда 550-ден астам британдық кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, олардың арасында Shell және Ernst & Young сияқты жетекші компаниялар бар.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы былтыр 60 пайызға артып, 1,8 миллиард долларды құрады.


"Біз Лондонмен сауда және инвестиция салаларындағы байланыстарымызды кеңейтуге мүдделіміз. Британдық тараптың да Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ниет танытып отырғанын ерекше атап өткім келеді", – деді Президент.

Өз кезегінде Нусрат Гани құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына ризашылығын білдіріп, Ұлыбритания тарапы екіжақты байланыстарды дамытуға баса мән беретінін атап өтті.

Қазақстан
Ұлыбритания
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді