Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 10%-ға өсті

Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы қаңтар-қарашада ЕАЭО елдеріне тауар экспорты 9 904,6 млн долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға, импорт – 15 836,8 млн доллар, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың қаңтар-қараша аралығындағы жалпы тауар айналымы, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3%-ға төмендеп, 25 741,4 миллион долларды құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей 91,6%, одан кейін Қырғызстан – 5%, Беларусь – 3,3% және Армения – 0,2% келеді.

ЕАЭО елдерімен экспортта ең үлкен үлесті машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппаратуралар алады – 26,5%, одан кейін химия және сабақтас салалар өнімдері – 26%.

Қазақстан ЕАЭО елдерінен негізінен жануар және өсімдік текті өнімдерді, дайын тамақ өнімдерін – 19,9%, металдар мен олардан жасалған бұйымдарды – 19,3% импорттайды.

Өткен жылдың 11 айында Қазақстанның ЕО елдерімен тауар айналымы 5 пайызға артып, 38 миллиард долларға жуықтады. 2022 жылы ЕО-дан Қазақстанға инвестиция көлемі 12,5 миллиард долларды құрап, соңғы 10 жылдағы ең жоғары деңгейді көрсетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты