Тоқаев халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік резервті пайдалануды тапсырды

Сурет: akorda.kz
6 сәуірде су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз үндеуінде Президент су тасқыны табиғи апат екенін, мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмағанын, бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болатынын жеткізді. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді