Тоқаев бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

Сурет: pexels
2024 жылы 6 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабар таратты. 

Заң бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау формаларын ретке келтіруге, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған. 

Нақтырақ айтқанда, салалық заңдар деңгейінде жедел ден қою шараларын қолдану, тергеу жүргізу тетіктері, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалды. 

Бірнеше салада бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартатын өзгерістер мен  толықтырулар енгізілді, соның ішінде:

"Аталған шаралар кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдай туғызуға, жүргізілетін тексерулердің ашықтығын, сондай-ақ тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге арналған", делінген Ақорда хабарламасында.

 Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге енгізілген өзгерістер туралы заңға қол қойды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді