БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Димашпен кездесті

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Бүгін, 2024 жлы 4 шілдеде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әншінің Instagram-дағы парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.

"4 шілдеде Халықаралық көші-қон ұйымының Ізгі ниет елшісі ретінде ШЫҰ саммиті аясында Қазақстанға сапармен келген БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырзамен кездестім. Көші-қон саласындағы маңызды мәселені талқылап, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынымды айттым. Бас хатшы көші-қон саласының маңызды тұстарына тоқталды", деп жазды Димаш Құдайберген желідегі ағылшын тілінде.

Өз кезегінде Антониу Гутерриш Димаштың өнері бүкіл әлем бойынша миллиондағандарды тәнті етіп, оның дауысы адам құқықтарын қорғауда және жалпы сананы арттыруда қомақты үлес қосатынын атап өтті.

"Мен өз талантымды әлемдегі оңтайлы өзгерістерге пайдалана алатыныма ризамын. Сондықтан бүгінгі түскен фотосуретті қуана отырып көпшілік назарына ұсынамын", деп жазыпты әнші.

Айта кетсек, 

БҰҰ
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты