Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті құттықтады

Сурет: Ақорда
2024 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан Президенті ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасты одан әрі жан-жақты дамытуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметі табысты болуына және бауырлас өзбек халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетсек, 31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты, сондай-ақ Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күндерімен құттықтап, жеделхаттар жолдады.

Қазақстан
Өзбекстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Мирзиёев Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз