Президент Малайзия королін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құттықтау жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев, Малайзия королі, Тәуелсіздік күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2024 12:09 Сурет: akorda.kz
2024 жылы 31 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: