Тоқаев Иордания королін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 13:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен иордан халқын барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Иордания корольдігінің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб елдері өңіріндегі сенімді серіктесі. Халықтарымыз арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі мазмұнды саяси диалогқа негізделген қатынастарымызды дамытуға Сіздің қосып отырған үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Болашақта да қазақ-иордан серіктестігін арттыруда бірлесе күш-жігер жұмылдырып, ықпалдастығымызды жаңа белестерге көтеретінімізге кәміл сенемін", - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит королінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас иордан халқына құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: