Қазақстан Президенті елдер арасындағы тауар айналымы ұлғайып келе жатқанын, 30 миллиард деп аталатын межеге жетуге жақсы мүмкіндік бар екенін атап өтті.
"Инвестициялық ынтымақтастық: Қазақстанда жалпы инвестиция көлемі 18 миллиард доллардан асатын 93 жоба жүзеге асырылды", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Владимир Путин тараптар барлық мәселелерді талқылап, олардың шешімін тауып жатқанын тілге тиек етті.
"Біз бірге шеше алмаған бірде-бір мәселені білмеймін, бұл талпыныспен біз үлкен жетістікке жетеміз. Қазақстанның бүгінгі таңда Сіздің басшылығыңызбен атқарып жатқан жұмыстары, қазақ елінің таңғаларлық нәтижелерге қол жеткізіп жатқаны, әрине, бұл да бізді қатты қуантады, өйткені өзара ынтымақтастықтың көлемі артып келеді", — деді Путин.
Ресей Президенті қазақстандық тарапқа жұмыс үшін жасалған атмосфера үшін алғыс айтып, кездесу барысында қол қойылған барлық құжаттар алдағы ілгері жылжу үшін жақсы негіз болатынына сенім білдірді.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстан Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы болғанын және болып қала беретінін айтқан.