Мемлекет басшысы Лаос президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
2 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды және оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күнімен құттықтаған болатын

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді