Түркістанда Тоқаев пен Бердімұхамедов "Этноауыл" кешенін аралады

Сурет: Ақорда
2025 жылы 21 сәуірде кешкісін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов "Этноауыл" кешеніне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы "Әзірет Сұлтан" музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.

Сурет: Ақорда

Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды.

Сурет: Ақорда

Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.

Сурет: Ақорда

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барғанын жазғанбыз. 

Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Бердімұхамедов Құрбанқұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған