Мемлекет басшысы Канаданың Премьер-министрін құттықтады

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 1 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев федеральдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың Telegram-арнасында атап өткендей, Мемлекет басшысы Астананың Оттавамен көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар экономиканың түрлі секторындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың "51-ші штат" туралы әңгімесі тұсында Канададағы кезектен тыс жалпы сайлауда премьер-министр Марк Карни басқаратын Либералдық партия жеңіске жетті. Карнидің партиясы федералды парламенттегі 343 орынның 168-ін жеңіп алды, бірақ бір партиялық үкіметті құруға қажетті 172 мандатқа жетпей қалды.

Бұған дейін Тоқаев жерлестерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаған болатын. Президенттің айтуынша, бұл мереке ерекше мәнге және мазмұнға толы.

Қазақстан
АҚШ
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды