Тоқаев тауарлардың шығарылған елін айқындаушы заң жобасына қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің нақтылауынша, түзетулердің бірінші блогында Қазақстан тауар өндірушілер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) енгізілді. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысаны ретінде жұмыс істейтін тізілімде отандық тауар өндірушілер мен олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтер қамтылады. Тізілімге енгізілген тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді болады. Сондай-ақ олар мемлекет сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларына қатыса алады.

"Тізілімнің қолданысқа енуіне байланысты бұрын тауардың шығу тегін растау үшін пайдаланылған СТ-KZ және индустриялық сертификаттарын, сондай-ақ сараптама актісін беру кезінде тәртіпті бұзғаны үшін белгіленетін әкімшілік жауапкершілік заңнамадан алынып тасталды", делінген хабарламада.

Түзетулердің екінші блогы елішілік құндылықтар институтын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Осы мақсатта Үкімет бекітетін қағидаларға сәйкес, ірі тапсырыс берушілерге ел ішіндегі құндылықтарды дамыту бағдарламаларын бекіту және іске асыру міндеті жүктеледі.

"Өнеркәсіпті дамыту үшін келісімшарттың жаңа түрі – кепілдендірілген сатып алу келісімшарты енгізілді. Бұл шартқа сәйкес өңдеуші кәсіпорын өзінің өндіріс алаңында өндірілген тауарлардың кепілді көлемін ұзақ мерзімді негізде жеткізіп беруге міндеттенеді", деп нақтыланады заң жобасы түсініктемесінде.

Түзетулердің үшінші блогы кодтар мен атауларды жүйелеу арқылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жіктеудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ететін Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышын (бұдан әрі – ТЖКҚЖС) енгізуді және жүргізуді көздейді.

ТЖКҚЖС-ны енгізудің негізгі оң әсерлері мынадай:

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың 20-21 мамыр күндері Мажарстанға баратыны хабарланған.

Қазақстан
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды