Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Мажарстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға барады. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 19 мамырда президенттің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сапар мақсаты – Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады", – деп жазылған ресми ақпаратта.
2025 жылғы 17 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады. Кездесу барысында әңгімелесушілер екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы, сондай-ақ энергетика және банктік секторлардағы өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды. Кездесу соңында Қазақстан Президенті Петр Сийяртоны Қазақстан-Венгрия қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін 2-дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript