Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді елорда әуежайынан шығарып салды

Сурет: Ақорда
2025 жылы 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлап, әуежайдағы суреттермен бөлісті.

Сурет: Ақорда


Сурет: Ақорда

Айта кетсек, Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға 2025 жылғы 29 мамырда ресми сапармен келді. Оны елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылы қарсы алып, қысқаша әңгімелесті. 30 мамырда мәртебелі мейман Астана халықаралық форумының (AIF) арнайы сессиясында сөз сөйлеп, Қазақстанға сапарының мақсаттарын тізіп берді.

Бүгін, 2025 жылғы 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер жүргізді.

"Еліңізге шақырып, қонақжайлық танытқаныңыз және Астана халықаралық форумында сөз сөйлеуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бұл форум диалог үшін маңызды алаңдардың біріне айналып келеді. Біз Қазақстанды Италияның стратегиялық серіктесі, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырамыз. Бізге диалог қажет. Мұны Өзіңіз де жақсы түсінесіз. Қазақстан – Италияның көптеген сала бойынша маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келеді. Әйтсе де, кеше айтқанымдай, энергетикадан бастап мәдениетке дейін, университеттердің тәжірибе алмасуы, халықтар арасын жақындату бағыттарында бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар", – деді Италия Премьер-министрі.

Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді