Қазақстан Қытаймен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды

Фото: akorda.kz
2025 жылғы 17 маусымда өткен "Орталық Азия-Қытай" екінші саммитінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытайдың ядролық энергетика саласындағы табысты тәжірибесіне мүдделі екенін және жақын арада тиісті келісімге қол қоюға ниетті екенін айтты.

Мемлекет басшысы өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, технологиялық дамуға және энергия көздерін әртараптандыруға көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.


"Қытай Халық Республикасының атом энергетикасын дамытудағы бай, табысты тәжірибесін ескере отырып, біз осы стратегиялық салада тұрақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Біз келісімге жақын арада қол қоюға дайындаламыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Астанада маңызды халықаралық оқиға – "Орталық Азия – Қытай" екінші саммиті өтіп жатқаны хабарланған болатын. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қытай басшылары қатысуда.

2025 жылдың 17 маусымында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр екінші АЭС бойынша шешім қашан қабылданатынын хабарлады.

Қазақстан
Қытай
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс