26-27 маусым күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына барады

Сурет: Ақорда
26-27 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"26-27 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Минск қаласына барады", делінген Ақорда хабарламасында.

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысатыны белгілі.

Бүгін, 25 маусымда Тоқаев Ақтөбе облысына барды. Өз сапары барысында ол Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойып, оны бір минут үнсіздікпен еске алды. Кейін Мемлекет басшысы "Айбын" XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатына қатысты.

Қазақстан
Беларусь
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді