Тоқаев сталкинг пен мәжбүрлі неке үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңға қол қойды

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" және басқа да заңдарға түзету енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Түзетулердің екінші блогы қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Түзетулердің үшінші блогы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған.

Түзетулердің төртінші блогы қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге арналған.

Атап айтқанда, еріксіз некеге тұру, аңдыу, заңсыз банктік, микроқаржыландыру, коллекторлық қызмет сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар енгізіліп, «қорғауға құқығы бар куәгердің» құқықтарын қорғау күшейтіліп, адвокаттың айыптау қорытындысына қарама-қайшы келетін құжат – қорғау актісін сотқа ұсыну құқығы пайда болуда.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды