Тоқаев әскери қызмет саласындағы заңға енгізілген өзгертулер мен түзетулерді мақұлдады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметі атап көрсеткендей, аталған заңмен Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Білім туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарға және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы азаматтарды әскери-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу жүйесін жетілдіруді және осы саладағы жұмысты күшейтуді көздейді.

Екінші блок әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау деңгейін арттыруды мақсат тұтады.

Үшінші блок әскери есеп жүргізу және әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Төртінші блок әскери атақтар беру тәртібін оңтайландыруға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтауға және әскери қызметшілердің мәртебесін биіктетуге арналған.

Бесінші блок мерзімді әскери қызметтің беделін көтеруді қарастырады.

Алтыншы блок жастарды әскери қызметке кешенді даярлауға жағдай жасау мәселесін назарға алған.

Жетінші блок мемлекеттік қорғаныс тапсырысын іске асыруды дамытуға көңіл бөледі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы сталкинг пен мәжбүрлі неке үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңға қол қойған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды