Тоқаев сталкинг пен мәжбүрлі неке үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңға қол қойды
Фото: Zakon.kz
Заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" және басқа да заңдарға түзету енгізілді.
Түзетулердің бірінші блогы қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Түзетулердің екінші блогы қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді.
Түзетулердің үшінші блогы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған.
Түзетулердің төртінші блогы қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге арналған.
Атап айтқанда, еріксіз некеге тұру, аңдыу, заңсыз банктік, микроқаржыландыру, коллекторлық қызмет сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар енгізіліп, «қорғауға құқығы бар куәгердің» құқықтарын қорғау күшейтіліп, адвокаттың айыптау қорытындысына қарама-қайшы келетін құжат – қорғау актісін сотқа ұсыну құқығы пайда болуда.