2026 жылы көктемде Астанада БҰҰ агенттіктерімен бірге Өңірлік экологиялық саммиті өтеді

Сурет: pixabay
Қазақстан 2026 жылдың сәуір айында Астанада БҰҰ агенттіктерімен бірге Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді. Бұл туралы 3 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриш қатысқан Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Орталықтың аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, өңірлік инновацияны дамытуға және ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған үйлесімді іс-қимылдар катализаторы болады деп пайымдайды.

"Аталған Орталықтың құзыреті мен функциялары аймақтағы немесе одан тысқары жерлердегі басқа ұйымдардың қызметін қайталамайды. Керісінше, Орталық аймақ халқының нақты сұранысына назар аударудың арқасында қабылданып жатқан шараларды толықтырып, оның мән-мазмұнын арттыра түседі. Арал теңізіндегі экологиялық дағдарыс пен Каспий теңізінің тартылуы сияқты Орталық Азия проблемалары баршаға белгілі. Бұл түйткілдердің тиімді шешімін табу үшін өңірлік ықпалдастықты нығайтып, оған Біріккен Ұлттар Ұйымын белсенді түрде тарту қажет. Осы ретте Қазақстан келесі жылдың сәуір айында Астанада БҰҰ агенттіктерімен бірге Өңірлік экологиялық саммит өткізеді", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш 2025 жылы 3 тамызда Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында сөз сөйлегенін хабарлағанбыз.

БҰҰ
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді