Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2025 жылғы 5 тамызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-каналынан белгілі болды:

"Біріккен Ұлттар Ұйымының теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер жөніндегі үшінші конференциясының ашылу салтанаты алдында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті".

Шара барысында аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттары талқыланғаны атап өтілді.

Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті.

Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі Үшінші конференциясы делегацияларының басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін Аваза конгресс орталығына келді. Одан кейін конференцияға қатысушылар делегацияларының басшылары бірлескен суретке түсті.

Қазақстан
Түрікменстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек