Путин Токаевқа Трамптың арнайы өкілімен жүргізілген келіссөздер туралы айтып берді

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Владимир Путин таяуда Мәскеуде АҚШ Президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді.

Алдағы жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесі қарастырылды.

Бұған дейін Дональд Трамп Путин мен Уиткоффтың кездесуін "өте нәтижелі" деп атаған болатын. Оның айтуынша, белгілі бір прогреске қол жеткізілген.

"Осыдан кейін мен Еуропадағы кейбір одақтастарымызды хабардар еттім. Барлығы бұл соғысты тоқтату қажет екенін мойындайды және біз алдағы күндер мен апталарда осы бағытта жұмыс істейміз", – деді Дональд Трамп.

Ол сондай-ақ жақын арада Владимир Путинмен жеке кездесу өткізуі мүмкін екенін де атап өтті.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады