Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Айта кетейік, 29 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде Президент:
"Білесіздер, 8 қыркүйекте мен халыққа Жолдау жасап, елдің экономикалық және әлеуметтік саясатының маңызды мақсаттары мен міндеттерін айқындаймын", – деген болатын.
Таңғы шамамен 09:00-ден бастап Парламент ғимаратына қос палатаның депутаттары мен Үкімет мүшелері келе бастады. Министрлердің арасынан бірінші болып ҚР Оқу-ағарту министрі Саясат Нұрбек келді.
Іс-шара басталғанша олар журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Мәселен, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев АЭС атауын таңдау рәсімі қашан және қалай өтетінін айтты.
"Межведомстволық жұмыс тобы құрылды, оған іс жүзінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Бұл жұмыс тобы өткен аптада шығармашылық комиссияның құрамын және ережесін бекітті. Құрамды бүгін жариялаймыз. Енді бұл комиссия станция атауын таңдау тәртібін әзірлеуі тиіс... Негізгі шешім қабылданды – дауыс беру eGov Mobile алаңында ашық түрде өткізіледі. Яғни барлық қазақстандықтар өз ұсыныстарын енгізе алады", – деді ол.
Ұсталды деген сыбыс тарағаннан кейін БАҚ өкілдері ең алдымен ҚР СІМ басшысы Мұрат Нұртәлеуді күтті. Ол келген бойда журналистер оны қаумалап, көптеген сұрақтар қойды.