Президент бұл жоспарын 16 қыркүйекте Зеренді ауданында өткен төрт облыс аграрийлерімен жиында бөлісті.
"Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын. Президент алдымен өңірдегі астық жинау науқанының барысымен танысты. Кейін Зеренді ауданындағы кеңесте Ақмола облысына сапарының басты мақсатын атап өтіп, бүкіл ел аграрийлеріне үндеу жасады.