Кремль Зеленскийдің Путинмен Қазақстанда кездесу ұсынысына жауап берді

Фото: president.gov.ua
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков украин лидері Владимир Зеленскийдің Қазақстанда Владимир Путинмен кездесу туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала хабарланғандай, Зеленский Қазақстанды Путинмен кездесу орны ретінде қарастыруда екен.

"Украиндар көп ұсыныстар айтып жатыр, көптеген елдерді атауда. Ал бастапқыда Қазақстанға емес, біз үшін мүлде қабылданбайтын елдерге бет бұрған еді", – деді Дмитрий Песков 2025 жылғы 24 қыркүйекте Радио РБК-ға берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол бұрын Ресей президенті мұндай келіссөздерді Мәскеуде ұйымдастыруды ұсынғанын еске салды.

"(Швейцария мен Австрия – ред.) фактіде біз үшін бейтарап елдер емес, бұл ескерілулері тиіс... Мұнда біз Путиннің сөзін негізге аламыз: "Баламдар, кездескіңіз келсе, Мәскеуге келіңдер. Біз сіздерге барлық кепілдіктерді қамтамасыз етеміз"", – деп қосымша айтты Дмитрий Песков.

2025 жылдың 23 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі өткендігі белгілі болды.

Ресей
Зеленский Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды