Мемлекет басшысы ҰҚК басшысын қабылдады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 25 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымды ұстанатын 83 адам сотталды.

Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды.

Заңсыз айналымнан 453 қару, 64 граната, алты мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі тасымалдау арнасы жойылды. Жиырма мың тоннаға жуық есірткі заттары, соның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин мен 10 тонна прекурсор айналымнан алынды.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекетке 3,8 триллион теңге көлемінде залал келтірілмеді. Бюджетке 255 миллиард теңге өтелді. Коррупция фактісі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды.

Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Айта кетсек, бүгін, 2025 жылы 25 қазанда "Ақорда" резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
ҰҚК
Сағымбаев Ермек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы