Тоқаев пен Путин Оралдағы өңіраралық форумның пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы шықты

Сурет: Ақорда
Мемлекеттер басшылары Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, биылғы форумның тақырыбы – "Жұмысшы мамандықтары – экономикалық өсімнің қозғаушы күші".

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған форумға екі елдің нәтижелі стратегиялық серіктестігін айшықтайтын айтулы шара ретінде баға берді.

"Осы бірегей алаңда экономикалық, инфрақұрылымдық және гуманитарлық бағыттағы тың жобалар дүниеге келіп, кейін өңірлік деңгейде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатады. Мұның маңызы зор. Өйткені экономикалық өсім және өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық ең әуелі өңірлерде қалыптасады", - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев пен Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені белгілі.

Орал
Путин Владимир
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі