Президент: Орталық Азия өңірі үшін су қауіпсіздігі мәселесі аса өзекті

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 16 қарашада Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде сөйлеген сөзінде өңір үшін су қауіпсіздігі мәселесі аса өзекті екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, соңғы бес жылда өңір елдері су саясатына қатысты ұстанымдарын жаңғыртты.

"Су проблематикасының трансшекаралық сипатын ескере отырып, салалық стратегиямызды үйлестіру маңызды деп санаймын. Бұл бір жағынан су үнемдеудің анағұрлым сәтті тәжірибелерін кеңінен тарату үшін қажет. Алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сәйкес Орталық Азияның суды пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын қабылдауды ойластыруға болады. Мұндай құжат саладағы бірыңғай жұмыс қағидаттарын бекітіп, ықтимал қарама-қайшылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Келесі жылы сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммитімен қатар өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларының жиынында осы тақырыпқа оралып, ұсыныстарды талқылай аламыз. Сіздер аталған іс-шараларға белсенді қатысады деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 16 қарашада Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларын ың VII Консультативтік кездесуіне қатысқаны хабарланған. Сондай-ақ аталған кездесу қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Өзбекстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты