Тоқаев FIDE президенті Аркадий Дворковичті ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 28 қарашада Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворковичті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президент елімізде шахмат спорт түрі ғана емес, зияткерлік мәдениеттің, тәрбие мен білімнің маңызды бөлігі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы балалар мен жастар арасында шахматқа қызығушылықтың артып келе жатқанына назар аударды. Президенттің айтуынша, білім беру жүйесінде шахмат инфрақұрылымын дамытуға және ілгерілетуге баса мән беріліп отыр.

Әңгімелесу барысында ұлттық федерацияның Ұйыммен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, соның ішінде ірі халықаралық жарыстар өткізу мен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері пысықталды.

Аркадий Дворкович Қазақстанда қабылданған шахматты дамытуға арналған Кешенді жоспардың маңызы туралы айтты. Аталған құжат мемлекет, бизнес және ұлттық федерацияның бірлесіп жұмыс істеуіне жол ашады. Сондай-ақ былтыр қазақстандық шахматшылар FIDE аясында өткен барлық жарыстан ең көп медаль жинағанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті Қазақстандағы шахматты өркендетуге қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізген болатын.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады